Петропавл қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтайтын тағы бір аппараттық-бағдарламалық кешен жұмысын бастады. Жаңа камера Надежда көшесі, 26 мекенжайында «Русь» дәмханасы маңында  орнатылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кешен 2026 жылғы 12 қазаннан бастап іске қосылды. Аталған жол учаскесінде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығына сағатына 60 шақырым шектеу белгіленген.

Жаңа жүйе жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеуге арналған. Полицейлердің айтуынша, мұндай техникалық құралдарды пайдалану жүргізушілердің тәртібін күшейтіп, жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Әсіресе, жылдамдықты шамадан тыс арттыру жол-көлік оқиғаларының туындауына әсер ететін қауіпті факторлардың бірі саналады. Сондықтан полиция жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Ведомство өкілдері жаңа кешеннің негізгі мақсаты айыппұл салу емес, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар көбейді

Поделиться:

Shares