Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысы бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес қабылдады. Бұған дейін Президент Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізген.

Жарлыққа сәйкес, еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттық құрамы жаңартылады. Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындау, оған дайындық жүргізу және дауыс беруді ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Құжат ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Кезектен тыс сайлаудың нақты күні әзірге көрсетілген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ел аумағында заңсыз жүрген 120 шетелдік ұсталды

Поделиться:

Shares