Петропавлдағы «Сұлтан» фабрикасында жазатайым оқиға тіркелді. 35 жастағы жұмысшы өндірістік қондырғының ішіне құлап, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қайғылы жағдай 12 қазанға қараған түні сағат 02:45 шамасында болған. Ер адам өндірістік жабдықтың ішіне құлаған. Алған жарақаттары салдарынан ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

«Полиция еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауда», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі

Тағы оқыңыз: СҚО-ның қос командасы мешіт қызметкерлері арасындағы турнирдің финалында кездесті

Поделиться:

Shares