Ғабит Мүсірепов ауданына жаңа прокурор тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қол қойған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Алмас Жалмағамбетов аудан прокуроры қызметіне тағайындалды. Ол еңбек жолын 2014 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Кейін Петропавл қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болды.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасында еңбек етті. 2023 жылдың қазан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы лауазымында болды.
«Алмас Мақсұтұлының құқық қорғау қызметіндегі өтілі 17 жылдан асады. Ал прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 12 жылды құрайды. Ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған», — делінген СҚО прокуратурасы берген хабарламада.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-nyng-uezdik-zhedel-waekili-rahat-ghaliasqarov/

