Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ковыльное ауылының көркеюіне үлесін қосып жүрген кәсіпкерлердің бірі – Серік Малаев. «Ақселеу» серіктестігін басқаратын іскер азамат ауыл шаруашылығын дамытумен қатар, туған елді мекеннің әлеуметтік жағдайына да айрықша көңіл бөліп келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Серік Малаевтың бастамасымен ауылда тұрғындарға қажетті нысандар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Кәсіпкер биыл сауда орталығы мен асхананы іске қосты. Елді мекенде наубайханаға дейін бар. Онда нанның 10 түрі дайындалады.

Іскер азамат үшін кәсіптің нәтижесі тек өндіріс көлемімен өлшенбейді. Оның басты ұстанымы – ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, еңбеккерлердң қолдау және елді мекеннің болашағына үлес қосу.

Бүгінде «Ақселеу» серіктестігі егін және мал шаруашылығын қатар дамытып, тұрақты жұмыс орындарын ұсынып отыр. Мұнда еңбек ететін мамандардың еңбекақысына да ерекше мән беріледі. Қазір кәсіпорындағы орташа жалақы 360 мың теңгеден асады. Серік Малаев бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мың теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.

Ауылға жанашыр кәсіпкер
Ауылға жанашыр кәсіпкер

«Ауылдың өркендеуі үшін кәсіпкер тек пайда табуды емес, елді мекеннің келешегін де ойлауы керек», — деді ел ағасы.

Тағы оқыңыз:  https://qaz-media.kz/kk/sqo-nyng-bas-imamy-awysty/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *