Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026ж.09.24 № 59-03-09/1136 негізді қорытындысына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ тұтынушылардың назарына электр энергиясының бөлшек саудада өткізу бойынша шекті бағасы, оның ішінде тұтынушылардың топтары бойынша 2026 жылғы 1 қазаннан бастап ҚҚС-сыз 38,02 теңге/кВтс немесе ҚҚС-мен 44,10 теңге/кВтс мөлшерінде ұлғаюы туралы, ақпаратты жеткізеді:
1-топ – тауарларды өндірумен (сатумен), жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланыспаған, тұрмыстық қажеттіліктері үшін электр энергиясын пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар (жеке тұлғалар) үшін өзгеріссіз ҚҚС-сыз 17,14 теңге/кВтс., ҚҚС есепке алуымен 19,88 теңге/кВтс. деңгейінде
2-топ – электр энергиясын тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар (өзге тұтынушылар) – ҚҚС-сыз 42,58 теңге/кВтс., ҚҚС есепке алуымен 49,39 теңге/кВтс.
3-топ – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар (бюджеттік ұйымдар) – ҚҚС-сыз 65,46 теңге/кВтс., ҚҚС есепке алуымен 75,93 теңге/кВтс.
4 топ – арнаулы экономикалық және индустриалдық аймақтарда орналасқан, Қазақстан Республикасы Президентінің істерін басқару ұйымдарының және оның ведомстволарының қарамағында болған, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауар өндіруші тұтынушылар (ӘМТӨ/ӘЭА) – ҚҚС есептемесе 1 кВ.с. үшін 38,02 теңге, ҚҚС есептеуімен 44,10 теңге.
Тауарлар өндірісімен (сатуымен), жұмыс жасауымен және қызмет көрсетуімен байланыспаған, электр энергияны өз тұрмыстық қажеттілігіне пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылардың 1 тобы үшін қолданыстағы тариф деңгейі сақталуымен байланысты, электр энергиясына қолданыстағы тарифтері электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін тұтыну көлеміне қарай өзгеріссіз, бұрынғы деңгейде қалады, оның ішінде:
- Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (70кВт·сағатқа дейін) — ҚҚС-сыз 16,23 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (70–150кВт·сағат) – ҚҚС-сыз 20,57 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (150кВт·сағаттан жоғары) – ҚҚС-сыз 25,71 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (90кВт·сағатқа дейін) – ҚҚС-сыз 15,88 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (90–170кВт·сағ) – ҚҚС-сыз 20,57 теңге/кВтс;
- Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (170кВт·сағаттан жоғары) – ҚҚС-сыз 25,71 теңге/кВтс.
