«Қазақстандағы футбол клубтарының төрт иесі Forbes журналы жариялаған елдің ең бай азаматтары рейтингінде үздік отыздыққа кірді. Олардың қатарында «Шахтер», «Ақтөбе», «Орда» және «Қызылжар» клубтарының иелері бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілші «GOAL KZ» порталына сілтеме жасап.

Ел бойынша бай адамдар бойынша рейтингтің алғашқы үштігін Вячеслав Ким, Владимир Ким және Тимур Құлыбаев бастап тұр. Вячеслав Кимнің байлығы жеті миллиард 800 миллион АҚШ долларына бағаланған. Владимир Ким бес миллиард 900 миллион доллармен екінші орынға жайғасса, Тимур Құлыбаев бес миллиард 400 миллион доллар капиталымен үшінші сатыға тұрақтады.

Ал футбол клубтары иелерінің арасында ең жоғары көрсеткіш «Шахтер» клубының иесі Тимур Турловқа тиесілі. Кәсіпкер бес миллиард 200 миллион доллар байлығымен жалпы рейтингте алтыншы орынға жайғасқан. «Ақтөбе» клубының иесі Нұрлан Артықбаев 508 миллион доллар байлығымен 21-орында.

«Ордабасы» клубының иесі Шахмурат Мүтәліп 482 миллион доллар капиталымен 22-сатыға тұрақтаса, «Қызылжар» клубының иесі Сергей Кан 450 миллион доллар байлығымен 23-орынға жайғасқан.Рейтинг бойынша Қазақстан Премьер-лигасының төрт клуб иесі елдегі ең ауқатты кәсіпкерлердің алғашқы отыздығына енді.

Тағы оқыңыз: Жанна Маутова Петропавлдағы коммуналдық мәселелерді шешуге және қаланы абаттандыруға атсалыспақ

Поделиться:

Shares