Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 255 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның 173 мыңына айыппұл салынған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Полиция мәліметінше, бүгінде 152 708 айыппұл өндірілді. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты. Жыл басынан бері өңірде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 195 971 дерегі анықталған.

Соның ішінде 118 087 жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырған. Қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың 8 611, жаяу жүргіншілер тарапынан 6 773 құқық бұзушылық тіркелді. Сондай-ақ мас күйде көлік басқарудың 800-ге жуық фактісі анықталған.

«Қазір өңірде 23-25 қыркүйек аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның негізгі мақсаты – әкімшілік жазалардың орындалуын қамтамасыз ету және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара барысында полицейлер әкімшілік айыппұлдардың уақытылы төленуін тексеріп, берешегі бар азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді», — деп жазады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-kuen-sajyn-uesh-zhuergizwshi-koelik-basqarw-quqyghynan-ajyrylady-eken/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *