Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған облыстың алты ауданы қатысып, жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Үш сауда алаңында бес тоннадан астам ет және сүт өнімі сатылымға шығарылды. Өнімдер делдалсыз саудаланғандықтан, бағасы сауда желілеріне қарағанда едәуір төмен болды. Мәселен, жәрмеңкеде жылқы етінің келісі 3 300 теңгеден сатылды. Ал сауда желілерінде оның бағасы 6 500–6 750 теңге шамасында. Сиыр етінің келісі – 3 100, шошқа еті – 1 900, қой еті 3 мың теңгеден ұсынылды.

«Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 102 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда 175 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылған», — деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Токужинов.

Бұл күні «Алтын арман» базарына адам көп жиналды. Әсіресе ет өнімдеріне сұраныс көп болды. Мұнда Айыртау, Тайынша, Шал ақын аудандарының тауарөндірушілері сауда жүргізді. Екі сағаттың ішінде жәрмеңкеге әкелінген тауарлар толығымен сатылып кетті.

«Ауылдан 10 литр сүт және сүт өнімдерін , сонымен қатар бес келі ет әкелдік. Сауда жақсы жүруде. Петроппавлда өтетін жәрмеңкеге айына бір рет қатысып отырамыз», — деді Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылдық округінің әкімі Медетбек Бекенов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *