Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды. Мұнда жәбірленушілер мамандардан әлеуметтік, құқықтық, медициналық және психологиялық ала алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды. Мекеме 50 орынға шақталған. Жәбірленушілер мұнда уақытша тұрып қана қоймай, мамандардан қажетті көмек ала алады.
«Бұл — маңызды әлеуметтік жобалардың бірі. Орталықта зорлық-зомбылық құрбандары әлеуметтік, құқықтық, медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Мекемеге облыстық бюджеттен 172 млн теңге бөлінді», Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Айнұр Шәймерденова.
Нысанның тыныс-тіршілігімен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов танысты. Орталықта жәбірленушілерге 29 адам көмек көрсетеді. Мекеме толықтай жиһаздармен және тұрмыстық заттармен жабдықталған. Жәбірленушілер мұнда 6 ай бойы тұра алады. Оларға 3 мезгіл тамақ беріледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мекемеге орналасу үшін полицияға немесе 111 нөміріне хабарласса болады. Айта кету керек, Петропавлда бұған дейін мұндай орталық болмаған.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-daghy-tarihi-eskertkishter-altyn-orda-kezengimen-sabaqtasyp-zhatyr/

