Тайынша ауданындағы Теңдік ауылында Мәдениет үйі жаңартылды. Чкалов ауылында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын құру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Нысандарды «Қазақстан халқына» қоры басқармасының төрағасы Ләззат Шыңғысбаева мен облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев аралап көрді. Тайынша ауданы Теңдік ауылында жаңартылған Мәдениет үйінің ашылуы өтті. Ғимаратқа «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізілді. Ал мекемеге қажетті жаңа жабдықтар «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауымен сатып алынды.

Жөндеуден кейін Мәдениет үйінде мәдени іс-шаралар өткізуге, шығармашылық ұжымдардың жұмыс істеуіне және ауыл тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыруға заманауи жағдай жасалды.
Жұмыс сапары барысында делегация TAIYNSHA Hub IT-орталығына да барды. Қонақтар орталықтың жұмысымен және аудан тұрғындары үшін жасалған мүмкіндіктермен танысты.
Сапардың тағы бір нысаны Чкалов ауылы болды. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын құру жұмыстары жалғасып жатыр. Орталықта бес ауданынан — Айыртау, Ақжар, Уәлиханов, Тайынша және Аққайың аудандарынан келген балалар көмек ала алады.

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен орталық заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылып жатыр. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін балалар қажетті оңалту көмегін арнайы жабдықталған орталықта, тұрғылықты жерінен алысқа бармай-ақ ала алады.
Жаңа орталықта балаларға қалпына келтіру процедураларын жүргізуге және медициналық көмек көрсетуге қажетті жағдай жасау жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Өртке байланысты кейінге қалған су өшіру 19 қыркүйекте жүргізіледі

