Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қыркүйекте театр әлеміне жетелейтін ерекше кездесу күтіп тұр. 15–16 қыркүйек күндері Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры өңірге гастрольдік сапармен келеді. Өнер ұжымы үлкендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын комедия, ал кішкентай көрермендерге тәрбиелік мәні бар ертегі ұсынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media. 

Қостанайлық өнерпаздар солтүстікқазақстандық көрерменге екі қойылым тарту етпек. Соның бірі — «Махаббат операциясы» комедиясы. Режиссері-Әлібек Қосубақ. Жатақханадағы студенттік өмірдің қызығы мен шыжығына, күтпеген оқиғаларына толы спектакль. Басты кейіпкерлер сұлу қыздарға ғашық болып, сезімдерін білдіре алмай жүрген жас жігіттер. Қыздардың назарын аудару үшін түрлі айла жасап табуда. Бұл жасаған айлалары жүзеге асар ма екен? Спектакль әзілге, романтикаға және әсерлі сәттерге толы.

Ал театрдың кішкентай жанкүйерлері үшін «Алтын балапан» ертегісі сахналанады. Қызықты оқиғаға құрылған қойылым балаларды ғажайып әлемге жетелейді. 

Осылайша, екі күндік гастроль барысында әр жастағы көрермен өзіне лайық қойылым тамашалай алады. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты оқиғаларды бастан өткерсе, ересектер «Махаббат операциясы» арқылы күнделікті тіршіліктегі таныс жағдайларға әзілмен көз жүгірте алады.

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының СҚО-дағы гастрольдік сапары 15–16 қыркүйек күндері өтеді. Қойылымдар сағат 19.00-де басталады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда есірткіні сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету ұсынылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *