Қазақстанда есірткіні сату мақсатынсыз заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау үшін жауапкершілік өзгеруі мүмкін. ІІМ мұндай әрекеттерді әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарауды ұсынып отыр. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп жазады Qazaqstan Media. 

Қазір Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша есірткіні сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау және тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ІІМ осы баптың бірінші және екінші бөліктерін алып тастауды ұсынуда. Мамандар бірқатар әрекетті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ауыстырса дейді. 

Жобаға сәйкес, аз мөлшерде есірткіні  сату мақсатынсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамға,   129 750 теңге айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу ұсынылады. Есірткі тәркіленеді.

Ал есірткіні заңсыз дайындаған немесе өңдегені үшін 40 АЕК — 173 мың теңге айыппұл салуды ұсынды. Болмаса 15 тәулікке дейін қамау қарастырылмақ. Бір жыл ішінде құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл 216 250 теңгеге дейін өседі. Ал  әкімшілік қамау 20 күнді құрауы мүмкін. 

Есірткі ірі немесе аса ірі мөлшерде болса, қылмыстық жауапкершілік сақталады.  Қоғамдық орында есірткі қолданғандарға да әкімшілік жаза қарастырылмақ. Мұндай жағдайда 40 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке әкімшілік қамау ұсынылады. Бір жыл ішінде қайталанса, жаза күшейеді.

Сонымен қатар есірткіні өз еркімен тапсырған адамды жауапкершіліктен босату ұсынылған. Бірақ полиция ұстаған кезде немесе тергеу әрекеттері барысында есірткінің тәркіленуі «өз еркімен тапсыру» болып есептелмейді.

Құжат әзірге тек ұсыныс ретінде қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Тиімділікті арттыру және шығыстарды оңтайландыру: МӘМС-те 4 млрд теңге негізсіз төлемдердің алды алынды, жекеменшік мектептерді қаржыландыруда 8 млрд теңге үнемделді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *