Қазақстанда бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнді ел тарихындағы айрықша оқиға деп атап, бір палаталы заң шығарушы органның жұмысы саяси жүйені жаңғыртудың жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты, деп жазады Qazaqstan Media. 

Президент Құрылтай депутаттарын бірінші сессияның ашылуымен құттықтады. Оның айтуынша, бүгін Қазақстан өзінің даму жолындағы аса маңызды кезеңге аяқ басты.

«Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмы»з, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдумда халық қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстанның бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде жұмысқа кіріскенін атап өтті. Президенттің сөзінше, дәл осы күннен бастап еліміздің саяси жүйесін жаңарту үдерісінің жаңа кезеңі басталады.

Мемлекет басшысы Құрылтай атауының тарихи мәніне де тоқталды. Қазақ тарихында құрылтайларда мемлекеттік маңызы бар мәселелер талқыланып, ел тағдырына қатысты ортақ шешімдер қабылданған. Президент жаңа кезеңде де бұл институттың орны ерекше болатынына назар аударды.

«Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі», — деді Президент.

Мемлекет басшысы бірінші шақырылым депутаттарына үлкен тарихи миссия жүктеліп отырғанын айтты. Оның сөзінше, жаңа Құрылтайдың алғашқы депутаттарының қатарында болу – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

Тағы оқыңыз: Қыркүйекте СҚО сахнасында Қостанай театры өнер көрсетеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *