Жамбыл аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасында жеті млн теңгенің бұзушылығы тіркелді. Бұл олқылықтарды облыстық Тексеру комиссиясы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жуырда облыстық Тексеру комиссиясының отырысында Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді салықтық әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралды. Оның қорытындысы бойынша қадағалаушы мамандар салықтық бақылаудың жүзеге асырылмауы, жүктелген міндеттердің толық орындалмауы сияқты бұзушылықтарды анықтады. Бюджетке келтірілген шығын көлемі 7 млн теңгеге жуықтайды.

Тексеру аясында 59 әкімшілік материал рәсімделді. Кінәлі деп танылған тұлғаларға 5 млн 4 мың теңге айыппұл салынды.

«Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының мамандары СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жолданды», делінген облыстық Тексеру комиссиясы берген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Семей ядролық полигонының жабылғанына — 35 жыл

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *