Солтүстік Қазақстан облысында мектептердің басым бөлігінде оқу процессі екі немесе бір ауысымда ұйымдастырылған. Бірақ, Аққайың ауданындағы бір оқу ордасында балалар үш ауысымда оқуға мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Білім басқармасының мәліметінше, 165 мектепте сабақтар екі ауысымда өтеді. Аққайың ауданындағы Смирноводағы № 3 орта мектепте ғана білім беру үрдісі үш ауысымда ұйымдастырылмақ. Бұл облыстағы үш ауысымда оқитын жалғыз мектеп болады.
2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жаңа орта білім беру ұйымдарын ашу жоспарда жоқ. Білім басқармасы оқу жылының басында өңірдің барлық мектептері толық дайын болатынын атап өтті.
«Қазір сегіз білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Онда жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, желдету және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылады, шатырлар, қасбеттер мен кіру топтары жөнделеді.Заманауи өрт дабылы орнатылады. Барлық жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда», — деп жауап берді Qazaqstan Media сауалына Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова.
Өңірде жаңа оқу жылында барлығы 439 мектеп жұмыс істейтін болады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да саусақтары жансызданып қалған адамға МӘМС аясында ота жасалды

