Петропавлда саусақтары жансызданып қалған адамға ота жасалды. Ол МӘМС аясында тиісті ем қабылдаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Осы жылдың ақпан айының соңында Андрей Гавриловтың саусақтары ұйып бастаған. Емханаға жүгінгеннен кейін оған ем тағайындалды. Алайда медициналық препараттар тиісті нәтиже бермеген.

«Басында бәрі қалыпты болды. Кейін уақыт өте келе саусақтарымды мүлдем сезбей қалдым. Содан кейін маған ота жасау туралы шешім қабылданды. МӘМС аясында тиісті ем алдым. Қазір қолым мен саусақтарымның қозғалысы біртіндеп қалпына келіп жатыр. Жағдайым жақсарып келеді, — дейді пациент.

Андрей Гавриловқа қысқа мерзім ішінде екі ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, хирургиялық араласудан кейін пациенттің жағдайы жақсарып, сауығу процесі жүріп жатыр.

«Операция жергілікті анестезиямен жасалады. Ота шамамен 30 минуттан 1 сағатқа дейін созылды. Жазылу процесі де салыстырмалы түрде жылдам өтеді. Бұл медициналық қызмет МӘМС аясында көрсетіледі«, — дейді нейрохирург Алексей Будник.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 160-тан астам дропперлік қылмыс тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *