Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген  Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының 44-тармағына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ тұтынушылардың назарына 2026 жылғы 1 тамыздан бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының ҚҚС-сыз 38,10 теңге/кВт.с. немесе ҚҚС-ты есепке алғанда 44,20 теңге/кВтс. мөлшеріне дейін алдағы уақытта көтерілетіні туралы ақпаратты жеткізеді, соның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:

— тұтынушылардың 1 тобы теңге/кВтс. —  (тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтерді көрсетумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін электр энергиясын пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар) — ҚҚС-сыз 17,14 теңге/кВтс.;

— тұтынушылардың 2 тобы теңге/кВтс. – (электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтардан тыс мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар) — ҚҚС-сыз 40,29 теңге/кВтс.;

— тұтынушылардың 3 тобы теңге/кВтс. –мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындары, елу және одан да көп дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталында қатысу үлестері) мемлекеттікі болған заңды тұлғалар және де олармен аффилирленген елу және одан да көп дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталында қатысу үлестері) тікелей не жанама ұлттық инвестициялық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі болған заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдары, бірақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылымына кіретін ұйымдары және елу және одан да көп дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталында қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болған не оның сенімді басқаруында болған ұйымдарынан басқасы) — ҚҚС-сыз 65,52 теңге/кВтс.;

 — тұтынушылардың 4 тобы теңге/кВтс. – (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың өндірушілері, арнаулы экономикалық және индустриалдық аумақтарда орналасқан, Қазақстан Республикасы Президентінің істер басқармасының және оның ведомстволарының қарамағында болған ұйымдар) — ҚҚС-сыз 38,10 теңге/кВтс.

2026 жылғы 1 тамыздан бастап электр энергиясымен жабдықтау тарифінің көтерілуінің негізгі себептері:

1) 1 кВтс. Үшін 15 теңге мөлшерінде электр энергияның брыңғай сатып алушысынан электр энергияны сатып алуға тарифті көтеру. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2026ж.10.07. №167 бұйрығына сәйкес.

2) «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру тарифін ҚҚС-сыз 1кВтс. үшін 13,65 теңге мөлшеріне көтеру. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026ж.20.07. №47-НҚ бұйрығына сәйкес

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2026ж.24.04. күнгі №76-НҚ бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 мамырдан бастап «КЕГОК» АҚ Ұлттық желісін пайдаланудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің ҚҚС-сыз 3,216 теңге/кВтс. құрап, өсуі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *