Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға 2,7 млрд теңге бөлді. Қаражат қайтарылған активтер есебінен бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қомақты қаражаттың қайда жұмсалғанын жеке-жеке айта кетсек. Арнаулы мемлекеттік қордан облыстағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын реконструкциялауға 2,7 млрд теңге бөлінді. Преснов топтық су құбырын реконструкциялау Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы 43 елді мекенді сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл аймақтарда 34,5 мың адам тұрады.

Бүгінде мұнда 171 шақырым магистральдық су құбыры мен тарату желілері, сондай-ақ 46 шақырым ауылішілік су желілері тартылды. Қазіргі таңда суды жинақтауға, таратуға және қажетті су қысымын қамтамасыз етуге арналған қысым реттегішін салу және жаңарту жұмыстары жалғасуда. Ал Соколов топтық су құбырын қалыпқа келтіру жұмыстары Қызылжар ауданындағы жалпы саны төрт мыңнан астам адам тұратын 10 ауылды қамтиды.

«Жоба аясында 59 шақырым тарату желісі мен 77 шақырым ауылішілік су желісі салынады. Преснов және Соколов су құбырларын пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған», — делінген Үкімет парақшасында.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысында еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары желісі орналасқан. Оның ұзындығы үш мың шақырымнан асады. Жалпы саны 175 мың адам тұратын 229 ауылды сумен қамтамасыз етеді. 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қордан аталған инфрақұрылымды дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл 48 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да интернет-алаяқтық схемасына қатысушыға қатысты сот үкімі шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *