Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін ауыл шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдар саласында еңбек еткен Нұрлан Тельтаев келді. Ауданның жаңа басшысын активке СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Нұрлан Тельтаев бұған дейін Қызылжар аудандық AMANAT партиясы филиалының төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ әр жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімін басқарып, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары болған.

Жаңа әкімді аудан активіне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды.

Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Нұрлан Тельтаев 1974 жылғы 9 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1996 жылы Қорған ауыл шаруашылығы академиясын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Оның еңбек жолының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы саласы мен жергілікті атқарушы органдардағы қызметпен байланысты. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2007 жылдың соңында Аққайың ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. Кейін де осы ауданда әкім орынбасары қызметін жалғастырды.

2025 жылдың ақпанында Қызылжар аудандық AMANAT партиясы филиалының төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар Қызылжар ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына кірді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақжар ауданын Рүстем Елубаев басқарған. Ол денсаулығына байланысты қызметінен кетті.

Тағы оқыңыз: Құрылтай депутаттарының сайлауында Ғ.Мүсірепов ауданынан 24 мыңнан астам тұрғын дауыс бере алады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *