«Qyzyljar» креатив орталығында «Business Upgrade» атты ауқымды форум өтті. Шараға 100-ден астам кәсіпкер қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аты айтып тұрғандай, шара салаға енді қадам басып жатқан кәсіпкерлерге арналған. Жиында толағай табыстарға жеткен бизнес өкілдері қатысушыларға бар білгендерін үйретті. Форумда кәсіп ашу, оны дамыту және қателіктерге жол бермеу тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара аясында ауқымды көрме ұйымдастырылды. Түрлі компаниялар мен серіктестіктер қатысушыларға өздерінің жұмыстары жайлы айтып берді. Сонымен қатар, тәжірибесімен бөлісті.

СҚО-да 100-ден астам кәсіпкердің басын қосқан форум өтті
СҚО-да 100-ден астам кәсіпкердің басын қосқан форум өтті

«Алдымен әлеуметтік желіде тұрғындар қызығатындай жарнама жасай білу қажет. Сонымен қатар, келген қонақтардың асты-үстіне түсу аса маңызды. Петропавлда қонақүйлер аз. Алдағы уақытта көптеп ашылғанын қалаймыз», — деді қонақүй өкілі Жанна Ысқақова.

Айтулы жиында ЖИ мен цифрлық технологияларға да баса назар аударылды. Айта кету керек, шара қас қарайғанша дейін жалғасады. Оған 100-ден астам кәсіпкер қатысуда.

Тағы оқыңыз: Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *