Петропавлдағы «Таза қала. Таза ой. Таза болашақ» атты іс-шара өтті. Шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Таза қала. Таза ой. Таза болашақ» атты іс-шара өтті. Оған 40-қа жуық жасөспірім қатысты. Жиын сайыс ретінде ұйымдастырылды. Яғни, ұл-қыздар алдын ала белгіленген локацияларға барып, арнайы сұрақтарға жауап береді.

Петропавлда «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында спорттық шара өтті
Петропавлда «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында спорттық шара өтті

«Жалпы, жеті локация бар. Әр локацияда біздің мамандар болады. Барлығы 3 команда сайысады. Сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңіске жетеді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етеміз».

Сайыста жасөспірімдер заң мен тазалыққа қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Шарп соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар табысталады. Сонымен қатар, балаларға арнайы экопикник ұйымдастырылады.

Тағы оқыңыз: Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *