Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Аризона геномика институтының директоры Род Винг және Kozybayev University Басқарма төрағасы — ректоры Ербол Исақаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында агрогеномиканы дамыту, ауыл шаруашылығына заманауи геномдық технологияларды енгізу талқыланды. Сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media

Сонымен қатар жиын барысында климаттық өзгерістерге төзімді, су ресурстарына тәуелділігі төмен, өнімділігі жоғары әрі тағамдық құндылығы мол күріш пен бидайдың жаңа сұрыптарын шығару мәселесіне ерекше назар аударылды.Профессор Род ВингҚазақстандағы геномдық зерттеулерді дамытудың қысқа және ұзақ мерзімді шараларын қамтитын стратегиялық жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстанның күріш өсірілетін өңірлерінде су тұтынуды едәуір азайтуға мүмкіндік беретін кезектесіп суару және құрғату әдісін енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды. Жиын барысында кадр даярлау жүйесін қалыптастыру мәселесі де қарастырылды.

Аризона геномика институтымен және Аризона университетімен ынтымақтастық жаңа буын мамандарын даярлаудан бастап селекция, азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты ауыл шаруашылығы салаларындағы қолданбалы жобаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Аталған бастамаларды жүзеге асыру – Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға және елдің аграрлық дамуына арналған заманауи геномдық платформаны қалыптастыруға бағытталған кешенді стратегияның бір бөлігі», — деді университет ректоры Ербол Исақаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Халықаралық отбасы күніне орай үш мыңнан астам көшет отырғызылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *