Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Петропавлдың белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Естелікті бірге сақтайық» атты патриоттық-экологиялық акция бастау алды. Шара аясында облыстың түкпір-түкпіріндегі ескерткіштер тазаланады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгін волонтерлер, белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері мен қала тұрғындары бірлесіп 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған ескерткіш маңайын тап-тұйнақтай етті. Бұл тек аумақты абаттандыру ғана емес, ең алдымен ата-бабаларымыздың ерлігіне деген құрмет көрсету.

«Осындай игі бастамалар жастарды біріктіріп, туған жерге деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Іс-шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау. Осындай нақты істер арқылы біз тазалық пен тәртіп әр азаматтың өзінен басталатынын көрсеткіміз келеді», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Мұса Әубәкіров.

Науқан басталғаннан белсенділер Зоя Космодемьянская мен Анастасия Прокопичева ескерткіштерінде де осындай тазалық жұмыстарын өткізген болатын. Облыс көлемінде бұл науқанға мыңға жуық адам тартылды. 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған ескерткішті тазалауға 100-ге жуық белсенді келді. Қатысқан жастар бұл істі азаматтық борышымыз деп санайды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Отан қорғаушылар күніне орай жаппай жүгіру жарысы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *