2008 жылдан бастап жыл сайын 5 мамырда Дүниежүзілік қол гигиенасы күні аталып өтеді. Бұл күннің басты мақсаты — адамдарға қолды дұрыс әрі уақтылы жуудың денсаулық үшін маңызын еске салу, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қол — адамның қоршаған ортамен ең жиі байланысатын мүшелерінің бірі. Сондықтан қол гигиенасы түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Әсіресе медициналық ұйымдарда бұл талаптың мәні ерекше. Себебі ауруханаға келген әрбір адам инфекция жұқтыру қаупіне ұшырауы мүмкін.

Медицина қызметкерлері үшін қол — негізгі жұмыс құралы. Сол себепті қолды дұрыс өңдеу науқас қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі саналады.

Мамандар қолды өңдеудің бірнеше түрін атап өтеді: сабынмен және сумен жуу, гигиеналық өңдеу және хирургиялық дезинфекциялау. Қолғап кию де қолды жуу немесе өңдеу қажеттілігін жоққа шығармайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қол гигиенасының «бес сәтін» бекіткен. Оған пациентпен байланысқа дейін, таза және асептикалық процедуралар алдында, дене сұйықтықтарымен жанасқаннан кейін, пациентпен және оның айналасындағы заттармен байланыстан соң қолды өңдеу кіреді.

Мамандардың айтуынша, медициналық көмек көрсету кезінде туындайтын инфекциялық асқынулардың едәуір бөлігі қол гигиенасын сақтамаумен байланысты. Сондықтан қолды уақтылы әрі дұрыс жуу — аурулардың таралуын тежеудің ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі.

Тағы оқыңыз: Мамыр айы спорттық жарыстарға толы болмақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *