Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында сабан қалдықтарын  өртеу салдарынан мемлекеттік орман қоры аумағына өрт тиді. Ірі табиғи апаттың  алдын алу үшін құтқарушылар мен орманшылар жедел әрекет етуге мәжбүр болды. Ал, алқапқа от ойып, қауіпсіздік сақтамаған ЖШС айыппұл арқалады, деп жазады Qazaqstan Media.

Өрт 30 сәуір күні сағат 11:50-де Ровное орманшылығында басталған. Алғашында жеті гектар аумақта құрғақ шөп жанған. Алайда арада 25 минут өткенде желдің күшеюінен жалын мемлекеттік орман қорының аумағына өтіп, тағы екі гектар жерді шарпыған.

Тілсіз жауды сөндіруге «Орман шаруашылығы» КММ қызметкерлері, «Асар Север» ЖШС және төтенше жағдайлар бөлімшелері жұмылдырылды. Мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт сағат 13:25-те оқшауланып, 15:15-те толық сөндірілді.

Мамандардың мәліметінше, өрт төменгі қабатпен тез таралатын, орташа қарқындағы сипатта болған. Тексеру барысында өрттің шығуына сабан қалдықтарын өртеу себеп болғаны анықталды. Құқық бұзушы ретінде «Асар Север» ЖШС танылып, оған 54 063 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар келтірілген шығынды өтеу үшін 156 288 теңге көлемінде талап-арыз қойылды.

Тағы оқыңыз: Мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *