2026 жылғы 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» Идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық іс-шара өтті, деп жазады Qazaqstan Media.
Оған облыстың мемлекеттік кіріс органдарының, Кәсіпкерлер палатасының және уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара маңызды ақпараттар ұсыну және салық заңнамасының жаңа ережелерін қолдануды, сондай-ақ кәсіпкерлердің «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа Заңды іске асыруға тікелей қатысуының практикалық сұрақтарына жаңартылған ақпарат пен жауаптар беруге бағытталған.
Акция 200-ден астам кәсіпкерлік субъектілерін қамтыды. Облыс орталығында өткен іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынатын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастырады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды

