Уәлиханов ауданының тұрғыны еркін жайылымнан бес жастағы қара малының жоғалғаны туралы полицияға жүгінді. Тәртіп сақшылары күдіктілерді қырағы сатып алушының көмегімен тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау жазбаларын зерттеп, ет өткізу арналарын тексерді. Сонымен қатар, көрші өңірлерге хабарлама жолданды. Қылмыскерлердің іздеу барысында Ақмола облысынан хабар келіп түсті. Онда кәсіпкер өзіне ұсынылған етті ұрланған малға тиесілі екенін айтқан.

Мал иесі ұрлықтан кейін бірден фермерлер мен сатып алушыларды біріктіретін чаттарға хабарлама жіберді. Қырағы кәсіпкер қара малдың басын танып, күдікті сатушылар туралы полицияға хабарлаған. Соның арқасында тәртіп сақшылары күдіктілерді қысқа мерзімде ұстады.

Олар 26 және 27 жастағы Ақмола облысының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта олар қамауда. Олардың СҚО, Ақмола және Павлодар облыстары аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені тексерілуде. Ұрланған ет иесіне қайтарылды.

«Жыл басынан бері СҚО-да мал ұрлығының екі дерегі тіркелді. Бірінші оқиға Айыртау ауданында болып, онда қорадан 3 қой ұрланған. Екі қылмыс та ашылды», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *