Петропавлда бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа 80-нен астам спортшы қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облыс орталығында жасөспірімдер арасында халықаралық турнир бастау алды. Дүбірлі дода өңір жаттықтырушыларын еске алу арналған. Жарысқа 80-нен астам спортшы қатысуда. Оның ішінде көрші Ресейден келген жеткіншектер бар.

«Боксшылар 15 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Басты мақсат — өңірде атан спорт түрін дамыту. Сонымен қатар, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, аймақтағы спорт саласының дамуына үлес қосқан жаттықтырушыларды еске алу», — деді К.Сафин атындағя бокс мектебінің басшысы Антон Лопатин.
Алғаш болып шаршы алаңға жамбылдық Мейіржан Ойрат пен есілдік спортшы шықты. Кездесуде Мейіржанның басымдығы анық байқалды. Әдемі комбинациялар мен дәл соққылар жекпе-жекиің көркін қыздырды.
«Турнирге төрт ай бойы дайындалдым. Алты жасымнан бокспен айналысамын. Басты мақсатым — чемпион атану», — деді Мейіржан Ойрат.
Турнир бірінші мамыр күні өз мәресіне жетеді. Жеңімпаздар мен жүлдегер бағалы сыйлықтар табысталады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда енді зорлық куәсі болған балалар да мемлекеттік қорғауға алынады

