Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызды наоықта баға құрастыру ережелерінің 44 тармағына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ тұтынушылардың назарына электр энергиясының бөлшек саудада өткізу бойынша шекті бағасы, оның ішінде тұтынушылардың топтары бойынша 2026 жылғы 15 мамырдан бастап ҚҚС-сыз 33,53 теңге/кВтс немесе ҚҚС-мен 38,39 теңге/кВтс мөлшерінде ұлғаюы туралы, ақпаратты жеткізеді:

1-топ – тауарларды өндірумен (сатумен), жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланыспаған, тұрмыстық қажеттіліктері үшін электр энергиясын пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар (жеке тұлғалар) – ҚҚС-сыз 18,00 теңге/кВтс.

2-топ – электр энергиясын тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар (өзге тұтынушылар) – ҚҚС-сыз 34,29 теңге/кВтс.

3-топ – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар (бюджеттік ұйымдар) – ҚҚС-сыз 70,57 теңге/кВтс.

4-топ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруші тұтынушылар (ӘМӨТ/АЭА) – ҚҚС-сыз 33,53 теңге/кВтс.

2026 жылғы 15 мамырдан бастап электр энергиямен жабдықтау тарифін көтеру  бойынша негізгі себептері:

  • «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ желілері бойынша электр энергияны беру  тарифының көтерілуі, ҚҚС-сыз 1 кВс үшін 12,39 теңге.
  • «КЕГОК» АҚ ұлттық желіні пайдалану реттелетін қызметтер тарифінің көтерілуі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу бойынша комитетінің 2025ж.27.03. №36-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін  ҚҚС-сыз 2,892 теңге/кВтс.құрайды.
  • «КЕГОК» АҚ электр энергияны тұтыну – өндірістің теңгерімдеуін ұйымдастыру тарифінің көтерілуі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу бойынша комитетінің 2025ж.27.03. №36-НҚ бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ҚҚС-сыз 0,086 теңге/кВтс. құрайды.
  • «Межрегионтранзит» ЖШС-нде электр энергияны беру бойынша реттелетін қызметтеріне тарифтің көтерілуі, Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи  монополияларды реттеу бойынша комитеті департаментінің 2025ж03.12. №337-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін  ҚҚС-сыз 8,79 теңге/кВтс. құрайды.
  • «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ электр энергияны беру бойынша реттелетін қызметтеріне тарифтің көтерілуі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи  монополияларды реттеу бойынша комитетінің 2025ж.12.11. №96-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін  ҚҚС-сыз 6,47 теңге/кВтс.құрайды.
  • Жүктемені тартуға электр қуаттың дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер құнының көтерілуі, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-сыз 1 560 850 тенге/МВт құрайды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *