Петропавлдағы №28 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған ауқымды халықаралық форум өтті. Шарада педагогтер мол білім алды, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға онлайн режимде қазақстандық, қырғызстандық, түркиялық және танзаниялық 100-ден аса маман қатысты. Ұстаздар білім берудегі цифрлық құралдар жайлы айтты, балалардың шет тілін тез меңгеруге арналған креативті әдіс-тәсілдерін және жаңа ойларын ортаға салды.

Петропавлда шетелдік мұғалімдер қатысқан форум өтті
Петропавлда шетелдік мұғалімдер қатысқан форум өтті

«Бүгін әдістемелік мәселелерді, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллект тақырыбын талқылаудамыз. Бізге халықаралық тәжірибе қажет. Сондықтан алыс-жақын шетелдердегі әріптестерімізбен байланысқа шықтық. Бір-бірімізге пайдалы кеңестер ұсынамыз. Бұл біздің мұғалімдерді алға жетелейді», — деді «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚОФ кәсіби даму институтының директоры Лейла Әлмағанбетова.

Халықаралық шара соңында қатысушыларға сертификат табысталады. Ал үздік идеялар өңір аумағындағы мектептерде жүзеге асырылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Абайлаңыз, жұқа мұз!» акциясы өтіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *