1 сәуірден бастап Петропавлда су мен кәріз қызметінің жаңа тарифтері енгізіледі. «Қызылжар су» компаниясы барлық тұтынушылар үшін ресми мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қарапайым тұрғындар түбіртектеріндегі өзгерісті сезбейді. Себебі олар үшін қызмет құны бұрынғы деңгейде сақталады. Бір текше метр су бағасы, қосылған құн салығын қоса алғанда, 117,24 теңге болып қала береді. Су бұру, яғни кәріз қызметінің тарифі де өзгермей, 108,64 теңге деңгейінде сақталады.

Ал бизнес өкілдері мен мемлекеттік мекемелер жаңа тарифтерге мұқият назар аударғаны жөн.

«Заңды тұлғалар бір текше метр су үшін 527,88 теңге төлейді. Ал бюджеттік сала ұйымдары үшін тариф 1605,62 теңгені құрайды», — деп хабарлады «Қызылжар су» ЖШС.

Сәуірден бастап «Қызылжар су» жаңа тарифтерді енгізеді
Сәуірден бастап «Қызылжар су» жаңа тарифтерді енгізеді

Тағы оқыңыз: Петропавлда ұстаздар спортта бақтарын сынап жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *