Петропавл қаласында «Ұстаз-2026» қалалық спартакиадасы басталды. Бірнеше күнге созылатын жарыста ұстаздар  оқу сыныптарын спорт алаңдарына алмастырады, деп жазады Qazaqstan Media.

 Дәстүрлі додаға қаладағы білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысады. Биыл жарысқа  қаланың 21 мектебінің командасы тіркелген. Үш күн ішінде қатысушылар волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, дартс және арқан тарту секілді спорт түрлері бойынша сынға түседі.

Аталған іс-шараны «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалы, білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподағы комитеті және  облыстық «Қазақстанның әкелері»РҚБ бірлесіп ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спартакиада педагогтар үшін кәсіби қызметтен тыс өз қабілеттерін танытып, денсаулықтарын нығайтуға, сондай-ақ командалық рухты сезінуге мүмкіндік береді. Ұстаздардың өзара байланысын күшейтіп, олардың оң энергиясы кейін оқушыларға да әсер етеді.

Жарыс 28 наурызға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *