С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Туған жер — талант пен шабыттың бесігі» атты салтанатты әдеби кеш өтті. Бұл шара өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың әдеби қауымдастық өкілдеріне арналған стипендиясын табыстау рәсіміне арналды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шараға аймақ басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысып, қаламгерлерге құрмет көрсетті. Жиые барысында облыс әкімінің стипендиясы әдебиет саласының дамуына үлес қосып жүрген қаламы қарымды бірнеше адамға табысталды. Атап айтқанда, Зарқын Тайшыбай, Жақсыбай Самрат, Нұргүл Оқашева, Сағындық Рахымжан және Ирина Матвеева марапатқа ие болды. Бұл — өңір әдебиетінің өркендеуіне қосылған еңбектің жоғары бағалануының айқын көрінісі.

«Облыс әкімінің сыйлығын алып отырмыз, қуаныштымыз, біздің еңбегімізді бағалап жатқандарына көп рақмет. Мұндай сыйлықтар жас жазушыларға да берілсе, оларды ынталандырса деген ойым бар, — деді жазушы-журналист Жақсыбай Самрат.
Тағы оқыңыз: Қырғызстан ОСК төрағасы: Қазақстандағы референдум жоғары азаматтық белсенділікпен өтті

