Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында ерекше мәнге ие іс-шара – «Көктем шуағы» атты гендерлік бал ұйымдастырылды. Жиынның негізгі мақсаты – қоғамда гендерлік мәдениетті қалыптастыру, әйелдердің қоғамдағы орнын айқындау және көпбалалы аналардың еңбегін насихаттау болды, деп жазады Qazaqstan Media.

Кеш қонақтарын әсем әуен қарсы алып, арнайы фотозонада естелік суреттер түсірілді. Ашылу салтанатында ұйымдастырушылар мен ресми тұлғалар сөз сөйлеп, гендерлік теңдіктің қоғам дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Шара аясында «Гендерлік мәдениет – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында панельдік сессия өтті. Онда бизнес-психолог, Аналар кеңесінің өкілдері ойларын ортаға салды. Спикерлер әйелдердің қоғамдағы рөлі, дәстүрлі құндылықтардың ықпалы және гендерлік мәдениетті нығайту жолдары жөнінде пікір алмасты. Сессия соңында қатысушылар өз ойларын бір сөйлеммен түйіндеп: «Мен үшін гендерлік мәдениет – бұл…» деп бөлісті.

Уәлиханов ауданында «Көктем шуағы» гендерлік балы өтті
Уәлиханов ауданында «Көктем шуағы» гендерлік балы өтті

Келесі бөлімде «Гендерлік стереотиптер: бұзу үшін түсіну» атты интерактивті ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар топтарға бөлініп, кең тараған қате түсініктерді талқылады. «Әйелдің орны – асүйде», «Ер адам әйелден көп табыс табуы керек», «Көпбалалы ана табысты бола алмайды» сынды пікірлер қоғамға кедергі екені дәлелденді.

Уәлиханов ауданында «Көктем шуағы» гендерлік балы өтті
Уәлиханов ауданында «Көктем шуағы» гендерлік балы өтті

Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық және заманауи әндер орындалды. Қонақтар еркін әңгімелесіп, әрбірі өз ойын ашық айтып, талқыға салды.
Кеш соңында қатысушыларға алғыс хаттар табыс етіліп, естелік суретке түсті. Ерекше кешті аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы бойынша ««Strength in Unity» ҚБ өткізді.

«Мұндай шаралар қоғамдағы өзара сыйластықты арттырып, тең мүмкіндіктерді дәріптеуге ықпал етеді»,- дейді ұйымдастырушылар. 

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық диқандар әр гектардан орташа 15,9 центнерден өнім алуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *