Жасанды интеллект — экономиканы дамытудың жаңа тетігі. Достық үйінде қоғам белсенділері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Дөңгелек үстел басында бас қосқан жандар өз пікірлерін білдірді, көтерілген негізгі мәселелер туралы айтты. Жиында әсіресе заман игілігін пайдаға жаратып, зор жетістіктерге жету жайлы сөз болды.

Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел болу қажет. Өз Жолдауында Мемлекет басшысы әр министрлік пен өңірлерге осындай тапсырма берген болатын. Оны жүзеге асыру — басты міндет.

Бірақ, бұл мәселенің екінші жағын да қарастырған жөн. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреміз деп адамдар жалқау болып кетуі де ғажап емес. Жиында осыны жіті назарға алу жайлы сөз болды.

Қоғам белсенділері Президент Жолдауын жыл бойы солтүстікқазақстандықтарға бүге-шүгесіне дейін жеткізетін болады. Басқосуда жастар да бой көрсетті. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қос-қолдап қолдайды.

Жасанды интеллект - экономиканы дамытудың жаңа тетігі. Достық үйінде қоғам белсенділері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
Жасанды интеллект — экономиканы дамытудың жаңа тетігі. Достық үйінде қоғам белсенділері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

«Мемлекет басшысының идеяларын жүзеге асыруға жастар да атсалысуы тиіс. Өз басым Жолдауды басынан аяғына дейін тыңдадым. Қазақстан болып жатқан оқиғалармен таныстым. Саясатқа біз сияқты қыз-жігіттер араласуы қажет. Сонда ғана елімізде он өзгерістер болады»,- деді «Ассамблея жастары» РҚБ СҚОФ мүшесі Дениэл Эдилов.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық азамат синтетикалық есірткі сату үшін арнайы оқудан өткен 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *