ҚР Президенті әкімшілігі, аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және СҚО әкімінің өкімімен Қызылжар ауданының әкімі болып Сақтаған Сәдуақасов тағайындалды. Осыған дейін ол АMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Сақтаған Сәдуақасов 1981 жылы Ақмола облысындағы Тассуат ауылында дүниеге келген.
Сақтаған Кәкімбекұлы 2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірген.
Ол меритократия қағидатына сәйкес маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті.
42 жастағы Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің маманы лауазымынан бастады, онда 2009 жылға дейін жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында еңбек еткен. Сондай-ақ әр жылдары Nur Otan партиясының орталық және қалалық филиалында түрлі лауазымдарда, оның ішінде Nur Otan партиясы орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Кейін АMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, ал 2023 жылдың маусымынан хатшысы болып еңбек етті.
Тағы оқыңыз: Мамлют ауданында көпбалалы отбасы дәмхана ашты