Қазақстанда  Ұлттық кітап күні мерекесі пайда болады

Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда жаңа мереке – «Ұлттық кітап күнін» енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Заң қаулысының құжаты «Ашық НҚА» порталында жарияланған, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа.

Туризм және спорт министрлігінің өкілдері 23 сәуірді Ұлттық кітап күні деп тануды ұсынып отыр. Әзірше қаулы жобасы 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.

«Жоба қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» мерекесін енгізу үшін әзірленді», – деп жазылған заң жобасының құжатында.

Түсіндірме хатта атап өтілгендей, жаңа мереке президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес белгіленіпті.

«Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым, Данияр Әшімбаев бастаған құрылтай мүшелері осындай бастама көтерді. Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деген еді Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шаруашылық малдың қиынан тыңайытқыш өндіре бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x