Петропавлдық жастар мереке күні Жеңіс саябағын қоқыстан тазартты

«Таза Қазақстан» акциясы аясында петропавлдық жастар «Күшіміз – бірлекте» челленждін ұйымдастырып, Жеңіс саябағын қоқыстан тазартты. Экологиялық іс-шараға 30-ға жуық жас қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл күні демалыс болса да, жастар Жеңіс саябағына ерте келіп, аумақты жинастырып жатыр.

Петропавлдық жастар мереке күні Жеңіс саябағын қоқыстан тазартты

Шараға Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің студенті Әлім Тілеужан да қатысуда. 8 сынып оқушысы осы бір айдың ішінде бірталай шаруа атқардық дейді.

«Мен жақында ғана ерікті атандым. Осыған дейін біздер қаланың орталық көшелерін тазартуға қатыстық. Бүгін Жеңіс саябағында жұмыс істеп жатырмыз. Біздің мектептен 4 оқушы келді. Волонтер болған өзіме ұнайды. Осылайша мен, қаламыздың жақсарып, гүлденуіне ат салысып келемін. Адамдарға көмектесемін», – дейді Әлім.

Бұл экологиялық іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған.

«Күшіміз – бірлекте» челленжді аясында біз бүгін 9 мамыр мерекесі қарсаңында Жеңіс саябағын жинастыру қажет деп шештік. Бұл жерде қазір 30-ға жуық адам жүр. Олардың арасында СҚУ, М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж және НЗМ студенттері, сондай-ақ, қалалық және облыстық жастар ресурстық орталығының жастары бар. Айта кету қажет, мұндай шара өңіріміздің барлық аудандарында өтіп жатыр. Жалпы іске 160 адам тартылған», – деді СҚО ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму және ақпарат орталығы бөлімінің басшысы Анастасия Волкова.

Бұдан соң жастар жалғызбасты тыл еңбеккерінің үйіне барып, сол жерде көмек көрсетпек.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда  Ұлттық кітап күні мерекесі пайда болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x