Петропавлдың орталық саябағында орналасқан Даңқ ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Шараға қала басшылығы мен күш құрылымдарының қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысында жеңісті жақындату үшін солтүстікқазақстандық майдангерлер де біраз ерлік көрсетті. Бүгінде солардың тек төртеуінің ғана көзі тірі. Биыл су тасқынына байланысты өңірде түрлі мерекелік шаралар қысқартылғанымен, соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етуге жиналғандар қарасы қалың болды.
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында олар Петропавлдағы орталық саябақта орналасқан Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл күні ескерткіш маңына қала басшылығы, ардагерлер мен жастар, күш құрылымдарының қызметкерлері жиналды. Олар болашақ ұрпаққа бейбіт күн сыйлау үшін жат жерде ажал құшқан ерлерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. 

Тағы оқыңыз:Петропавлдық жастар мереке күні Жеңіс саябағын қоқыстан тазартты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x