СҚО-да ҰБТ тапсыру уақыты кейінге шегерілді

Биыл солтүстікқазақстандық түлектер үшін ҰБТ жоспарланған мерзімнен кеш басталады. Оған су тасқынына қатысты жарияланған төтенше жағдай режимі себеп. Алтыншы мамырдан оқушылар тестілеуге өтініштерін бере алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Су тасқынына байланысты мектеп бітіретін түлектер үшін ҰБТ өтініш қабылдау мерзімі алты күнге, 20-шы мамырға дейін ұзартылды. Ал өзге өңірлер үшін бұл жұмыстар 14-ші мамырда аяқталады. Тестілеуге қатысуға өтінішті түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz: жеке кабинетіне кіріп қалдыра алады. Мамырдың 6 мен 13 аралығында бірінші мүмкіндікке, 14 мен 20-сы аралығында екінші мүмкіндікке өтініш береді. 

«ҰБТ қатысатын күні мен уақытты және тапсыратын жерді түлектің өзі таңдай алады. Жазғы тестілеуге оқушылар тегін қатысады. Сонымен қатар біздің облыс үшін тестілеу бөлек кесте бойынша өтеді. Егер елімізде бұл шара мамырдың 16-сы мен шілденің 5-і аралығында өтетін болса, өңіріміз үшін 25-ші мамыр мен 12-ші шілде аралығында болады», – деп нақтылады СҚО білім басқармасының бас маманы Мария Исмагамбетова. 

Бұл уақыт аралығында талапкерлер  екі рет тест тапсыра алады. ЖОО грантқа түсу үшін ең жоғары ұпай жинаған сертификатты ұсына алады. Сонымен қатар, егер жазғы тестілеуде төмен ұпай алып қалса, онда қаңтарда немесе наурыз айында өткен ҰБТ нәтижелері ескерілетін болады.

«Биыл СҚО-да 3 мыңға жуық бала мектеп бітіреді. Тестілеу Петропввл қаласында және Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимка ауылында ұйымдастырылады.  Тестілеу форматында өзгеріс жоқ. 2024 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. «Оқу сауаты» мен «Математикалық сауат» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Сондай-ақ бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды. Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ»,-деді  Мария Исмагамбетова.

Тестілеудің жалпы уақыты — 4 сағат (240 минут). Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыты сақталады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт мыңға жуық мектеп түлегі тал екті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x