Ойқала ықшам ауданындағы үйлер қайта қалпына келтіріліп жатыр

Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл жерде 1383 үй су астында қалған болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.  Қазір  Ойқала ауданында жұмыс қызған. Мұнда Ғ. Мүсірепов, Тайынша, Уәлиханов аудандарының бригадалары көмекке келген.

Ойқала ықшам ауданындағы үйлер қайта қалпына келтіріліп жатыр

 «Бүгін Ойқала ықшам  ауданына жол ашылды. Тұрғындардың барлығы үйлеріне келіп, баспаналарының жағдайын қарап жатыр. Мехбригадалар жұмыстарын тұрғындардың рұқсатымен жасайды. Техникалық бақылау жүргізу жұмыстарына да үй иелері, әкімдік қызметкерлері мен полицейлер қатысатын болады», – деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Жалпы Петропавлда қазіргі уақытта 600-ге жуық адамнан тұратын 100-ге жуық мехбригада су тасқынының зардабын жоюға қатысып жатыр. Жөндеу жұмыстарына 140-тан астам техника жұмылдырылған.

Ойқала ықшам ауданындағы үйлер қайта қалпына келтіріліп жатыр

«Біз Ойқала ықшам ауданындағы 176 үйге жауаптымыз. Қазір үш үйде жөндеу жүргізіп жатырмыз. Су басқан үйлерден алдымен ескі жиһаздарды шығарамыз. Кейінен едендерді қайта қалпына келтіріп, үйлердің іші-сыртын кептіретін боламыз. Содан соң үйдің сметалық құжаттамасына сай жөндеу жұмысына кірісеміз», – деді Ғ.Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов.

Арнайы құрылған мехбригадалар Петропавлдың басқа аудандарынада да жұмысқа кірісті. Былғары кентіне төрт аудан бекітілді: Есіл, Жамбыл, Шал ақын және Айыртау аудандары. Заречный кентінде М. Жұмабаев, Тимирязев, Ақжар және Мамлют аудандарының бригадалары жұмыс істейді. Ал Аққайың ауданының бригадасы Қызылжар ауданына көмекке жіберілді.

Тағы оқыңыз:СҚО-да ҰБТ тапсыру уақыты кейінге шегерілді

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x