[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/orig-278-1617538676.jpeg-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»2px|||||»]
СҚО- да бір күн бұрын жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Кеше түс кезінде Янко станциясынан Ғ.Мүсірепов ауданының Жаңасу ауылына жаяу аттанған ер адам жоғалып кеткен еді. 45 жастағы азаматты полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындар бірден іздеуге шықты. Арнайы көлік пен атты іздестіру тобы да іске кірісті. Алайда 20 ақпан күні Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде жоғалған адамның денесі қар астынан табылды.
«Табылған ер адамның денесінен зорлық белгілері байқалмайды. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Процедуралық тексеру жүргізіліп жатыр», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]