[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/rustam8909_01.MP4_snapshot_00.02.437-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы көтерілмеуі тиіс. Тұрақтандыру қорындағы өнім мөлшері әр апта сайын қалалық әкімдіктің және құзырлы басқарма өкілдерінің назарында, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың 15-і сатылады. Биыл тұрақтандыру қорына өнімді арзан бағамен сатып алуға бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген. Тұрақтандыру қорының облыс орталығында және аудандар бойынша 7 сату орны бар. Басты міндет – азық-түліктің қымбаттауына жол бермеу. Қазір корпорация қорында 15 мың тоннаға жуық азық-түлік бар. Оларға: май, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант және тағы басқа өнімдер кіреді.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен аптасына 4 рет тұрақтандыру қорында азық-түлік бағасына, мөлшеріне бақылау жүргіземіз. Қала супермаркеттерінде аптасына 3 рет, ал сейсенбі-бейсенбі күндері  аудан дүкендеріне барамыз. Қордағы азық-түлік маусым айына дейін жетеді. Олардың басым бөлігі – сәбіз бен қырыққабат. Ал пиязды сақтау мерзімі – 6-7 ай болғандықтан, қордағы өнім сәуір айына дейін сақталады», -дейді «Солтүстік «ӘКК»  АҚ тұрақтандыру қорының жұмысын ұйымдастыру департаментінің директоры Роза Тастамбекова.

Тұрақтандыру қорының өнімдері әдеттегіден 25-30% – ға арзан. Сондықтан әр апта сайын тауардың бағасы мен қолжетімділігі тексеріледі.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/rustam8902_01.MP4_snapshot_00.01.126-2.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x