[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-21-at-10.29.11-2.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

X Factor Kazakhstan тележобасының 9-шы маусымында сәтті өнер көрсеткен Махамбетәлі Әбілда елге оралды. Оны солтүстікқазақстандықтар әуежайдан құшақ жая қарсы алды. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас әншімен Qazaqstan Media тілшісі сұхбаттасып қайтты.  

Махамбетәлі Әбілда Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын музыкалық театр әртісі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022-ші жылдың тамыз айында қаламыздағы қазақ театрына әртіс болып келіп, өнер жолын бастайды. Осы уақыт аралығында қара шаңырақтың сахнасында қойылған «Елім-ай», «Сылаң қыз», «Құлеке» сынды спектакльдерде өнер көрсетеді. Атырау облысының тумасы қазіргі таңда қос саланы қатар алып жүр. Ол С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында актер және Ақан сері атындағы облыстық филармонияның сахнасында ән шырқайды. Биыл күміс көмей әнші X Factor Kazakhstan тележобасының 9-шы маусымында облысымыздың намысын қорғады. Байқауда сәтті өнер көрсеткен жас жігіт қысқа уақытта көрерменнің көзайымына айналды. 

«Махамбет өте талантты, дарынды жас жігіт. Біздің театрға келгелі бері актерлік және әншілік қабілеттерін дамытып, өзін сан түрлі қырынан көрсете білді. Әсіресе, джаз стилін ерекше ұнататынын байқадық. Әрине, халық және эстрада әндерін де жоғары деңгейде орындайды. Дегенмен, алпыс екі тамыры музыканың осы бағытын таңдағаны бірден көзге түседі. Сахнада өзін еркін ұстап, көрөрменмен қарым-қатынас жасай алады. X Factor Kazakhstan тележобасында даң биік шыңдарға қол жеткізді деп есептеймін. Финалға дейін жету екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Ол барша елге шашасына шаң жұқтырмайтын жүйрік екенін көрсетті», – дейді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры Біржан Жалғасбаев.

Жобада Махамбетәлінің аяқ алысы жаман болмады. Финалға дейін жетіп киелі сахнада қазақ және өзге шетелдік орындаушылардың туындыларын жоғары деңгейде орындады. Телевизиялық байқау басталғалы бері жас әнші ең көп деген дауыс жинаған қатысушылардың бірі болып, халықтың сүйіктісіне айналды. X Factor Kazakhstan тележобасының финалында ән шырқап, бас жүлденің иегері атанбасада өз көрермені үшін Махамбетәлі жеңімпаз. Оны жас әншіні Петропавлдың әуежайында қарсы алған халықтың ыстық ықыласынан аңғару қиын болмады. Жас әнші өз кезегінде қолдау көрсетіп, әр сенбі сайын дауыс берген жандарға алғысын білдіріп, жоспарларымен бөлісті.

«Жобаның финалына жетіп, үлкен сахнада өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын. Өмірімнің бұл кезеңі мен үшін үлкен тәжірибеге айналары сөзсіз. Өзім Нұрберген Махамбетовпен жұмыс істеп көрсембе деп армандаушы едім. Бақытыма орай сол кісінің тәлімін көріп, ақыл-кеңестерін алдым. Оның үстіне телевизиялық жоба арқылы жаңа достар тауып, эстрадамызда ән шырқап жүрген өзге де талантты музыканттармен танысу бақыты бұйырды. Жалпы осы жарты жылға жуық уақыт бойы маған қолдау көрсетіп, дауыс берген жанкүйерлеріме айтар алғысым шексіз. Болашақта сіздерді өз өнеріммен әрі қарай да қуанта беремін», – дейді X Factor Kazakhstan тележобасының финалисі Махамбетәлі Әбілда.

Жуырда Махамбетәлі Әбілда петропавлдықтар үшін Ақан сері атындағы облыстық филармонияда жеке кешін өткізуді жоспарлап отыр. Мұнымен қоса, жас әнші көктемде «Жас қанат» және жазда «Азия даусы» ән байқауларында бағын сынап көрмек.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x