Жиһаз бен тұрмыстық заттар қымбаттады

1 жылда елімізде жиһаз бен тұрмыстық заттардың бағасы қымбаттады. Өсім 24,6%-ды құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, Naryk.kz -ке сілтеме жасап.

Жиһаз сегментінде жатын бөлме жиһаздарының бағасы айтарлықтай өсті: бір жылда 28,2%. Үстел 23,9%, диван-төсек 23,2%, орындық 21,9% қымбаттады. Ай сайынғы динамиканы қарастыратын болсақ, биыл сектордағы бағаның ең көп айлық өсімі наурызда байқалды: 2,3%. Мамырда жиһаз және тұрмыстық заттардың құны 0,5%-ға шарықтаған.

Сондай-ақ, ас үй жиһазы өндірісі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. Биыл қаңтар-сәуір айларында бірден 28,1 мың данаға дейін азайды. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде металл жақтаулары бар орындық және басқа да арнайы отыратын жиһаздар өндірісі 312,1 мың дана болды. Бұл 2022 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 18,1% аз. Ағаш кеңсе жиһазының өндірісі 76,6 мың дананы құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,6% аз, – делінген ақпаратта.

Тағы оқыңыз: СҚО-да түлектердің 70%-ы ҰБТ тапсырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x