Петропавлдағы дәмханалардың біріне ұры түсті

Петропавлдағы дәмханалардың бірінен ақша, dvd-плеер мен алкоголь өнімдерін ұрлаған азамат ұсталды. Ол осыған дейін де бірнеше рет істі болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға биыл мамыр айының 22-сі түнгі уақытта орын алған. Дәмхананың терезесін сындырып, ішке өткен ұры 37 мың теңгені қалтасына басқан. Бұдан бөлек, ол  dvd-плеер, алкогольдік ішімдіктер мен басқа да тауарларды ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы -100 мың теңге шамасында. Бұл жайында дәмхана иелері полицияға тек таңертең хабар берген. Ұрлық орын алған жерде бейнебақылау камерасы жоқ. Сонда да Петропавл қаласы ПБ бірінші полиция бөлімінің криминалистері мен жедел уәкілдері күдіктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше мәрте істі болған Жамбыл ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Мамандар оны 30 мамыр күні облыс орталығындағы Жұмабаев көшесінде анықтады.

«Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар болмас үшін объектілерде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Терезелердегі торлар, мықты есіктер, дабыл мен бейнебақылау жүйесі қылмысты болдырмайды немесе олардың қысқа уақыт ішінде ашылуына көмектеседі, – дейді Бірінші ПБ бастығы Тілеген Әлжанов.

Тағы оқыңыз: Жиһаз бен тұрмыстық заттар қымбаттады 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x