Азия чемпионаты

Солтүстікқазақстандық спортшылар армрестлингтен Дубайда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Азия біріншілігі жасөспірімдер және ересектер арасында ұйымдастырылды. Додаға қатысқан екі жерлесіміз ел намысын абыроймен қорғап шықты. Жетінші сынып оқушылары Юлия Разумович пен Виктория Савченко чемпион атанды. Екі спортшы да Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Ставрополка ауылындағы орта мектептің тәрбиеленушілері. Юлия Разумович жасөспірімдер арасында сарықұрылқтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, ересектер қатарында Виктория Савченко азиялық жарыстың шыңын осымен жетінші мәрте бағындырды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тұрғындарды оқыту басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x