[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}» theme_builder_area=»post_content»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.18.0″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}» theme_builder_area=»post_content»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||» theme_builder_area=»post_content»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/7d8384993ca6300de918.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» theme_builder_area=»post_content»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» theme_builder_area=»post_content»]

Берешегі бар азаматтар 2023 жылғы наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңының қабылдануы арқасында мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 Заңда нақты үш рәсім бар. Олар: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды, яғни несие берушінің борышкердің банкроттығын беруге құқығы жоқ. Бұл жерде борыштың көлемі мен мерзімі негізге алынады.  «Біріншісі – соттан тыс банкроттық. Бұл жол тұрақты табысы жоқ, борышын өтеу мүмкіндігінен айырылған адамдарға арналған.

«Банктердің, микрокредиттік ұйымның, коллекторлардың алдындағы қарыздың көлемі 5 млн 500 теңгеден аспауы керек. Бұл 1600 айлық есептік көрсеткіш деген сөз.  Ресми табысы жоқ, былайғы табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс көлемінен аспайтын азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімдей алады. Борышкердің атында мүлік болмауы керек және қарыз бойынша банктермен реттеу процедурасын жүргізуі керек. Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микрокредиттік ұйымдар және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз бойынша қолдануға болады», – дейді СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов.

 Ұсынылып отырған заң жобасы бойынша, соттан тыс банкроттық туралы өтініш «Электрондық үкімет» web-порталы арқылы беріледі. Ал сот банкроттығы қарыздың сомасы 5,5 миллион теңгеден асқан жағдайда қолданылады.

«Бұл кезде борышкердің мүлкі сатылады. Түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Егер жалғыз тұрғын үй кепілде болса, онда кредитор оны соттың банкроттық рәсімі кезінде алуға құқылы. Егер кепілде болмаса, онда бұл үйді талап ете алмайды»,- дейді Бауыржан Шайкенов.

Ал үшінші жолы – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Банкрот адамның тұрақты табысқа қол жеткізгеннен кейін қарызды қайтару жоспары жасалады. Соның нәтижесінде «банкрот» деген мәртебесінен айырылады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x