[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/0515d68724715e39.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

СҚО-да жалған құжат жасап, ауыл тұрғындарының жерін иемденген кәсіпкерге қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жер дауы Айыртау ауданында 2017 жылы басталған. Сол кезде Дәуқара, Қарақамыс, Бірлестік, Егінді-ағаш пен Светлое ауылдарының 800-ге жуық тұрғынына тиесілі 42 мың гектар жерді  Бейбіт Молдашев ешкімнің рұқсатынсыз кепілге қойып жіберген. Ал аграрлық несие корпорациясынан алынған 600 млн теңгені қалтасына басып қалған. Сот отырысы барысында, кәсіпкердің талай былығы әшкереленсе де, ол кінәсін мойындамады.  Прокурорлар халықты қан қақсатқан алаяқты 9 жылға қамауды сұрады. Бірақ судья оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бейбіт Молдашев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Мұнымен қоса, ол 10 жылға дейін басқарушылық және материалдық жауапкершілігі бар қызметті атқара алмайды. Сондай-ақ, қаржылық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айрылды, – деді қалалық соттың төрағасы Михаил Гусьев.

Сот үкімі шыққанымен әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан сотталушы тарап аппеляциялық сотқа шағымдана алады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x